«Қазақстан» РТРК» АҚ отбасылық телешоуға байқау жариялайды  - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ отбасылық телешоуға байқау жариялайды 

09.01.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ отбасылық телешоуға байқау жариялайды 

«Қазақстан» РТРК» АҚ тележобаларды таңдауды екі кезеңдік тәртіп бойынша өткізетіндігін хабарлайды.

Өтінімдер 9-20 қаңтар аралығында  Астана қ., Қонаев көш., 4, «Қазақстан»  телеарнасы (14 қабат) мекенжайы бойынша немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы  қабылданады.

Жанрлық бағыты: апталық отбасылық телешоу. Ұзақтығы – 60 минут.

Жобаның негізгі бағыты: Бір ғана жоба ішінде барлық формат қамтылуы тиіс: интеллектуалдық шоу,  викторина және ойын-сауық. Бағдарламаға  отбасылық командалар қатысады. Жоба бір жанұя мүшелері үшін бір-бірін өзге қырларынан танудың таптырмас мүмкіндігі болуы шарт.

Жобаның техникалық талаптары: Байқауға power point форматында мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған слайдтар немесе бес минуттық бейнероликтер қабылданады. Онда бағдарламаның ұзақтығы, шығу мерзімі, мақсаты мен міндеті, құрылымы толық жазылуы керек. Сонымен қатар, бағдарламаның синопсисі немесе жобаның сценарлық жобасы тапсырылады.

Қатысушы мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс: жоғары кәсіби қасиеттер, тәжірибелік дағды;  түрлі жанрдағы телевизиялық жобаларды құру ерекшеліктері; жұмыс процесін басқару тәжірибесі. Қатысушы бұған дейінгі жобалары қамтылған портфолиосын ұсынуы қажет.

Өзге ақпарат: кез-келген креативті идеялар қабылданады. 

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55-33-32 телефон нөмірі арқылы немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы білуге болады.

 

Хабарламаларға жазылу