«Қазақстан» телеарнасы аграрлық сектор туралы танымдық бағдарламаға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасы аграрлық сектор туралы танымдық бағдарламаға байқау жариялайды

09.01.2017
«Қазақстан» телеарнасы аграрлық сектор туралы танымдық бағдарламаға байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ тележобаларды таңдауды екі кезеңдік тәртіп бойынша өткізетіндігін хабарлайды.

Өтінімдер 9-20 қаңтар аралығында  Астана қ., Қонаев көш., 4, «Қазақстан»  телеарнасы (14 қабат) мекенжайы бойынша немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы  қабылданады.

Жанрлық бағыты: елдің аграрлық секторын қамтитын апталық танымдық тележурнал. Ұзақтығы – 15 минут.

Жоба Қазақстан мен басқа елдердің осы саладағы ауқымды мәселелерін қозғауы шарт. Онда ауыл шаруашылығындағы әлемдік үрдіс, инновациялық технологиялар, жер, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, аграрлық ғылым туралы сараптамалар беріледі.  

Жобаның техникалық талаптары: Байқауға power point форматында мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған слайдтар немесе бес минуттық бейнероликтер қабылданады. Онда бағдарламаның ұзақтығы, шығу мерзімі, мақсаты мен міндеті, құрылымы толық жазылуы керек. Сонымен қатар, бағдарламаның синопсисі немесе жобаның сценарлық жобасы тапсырылады.

Қатысушы мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс: жоғары кәсіби қасиеттер, тәжірибелік дағды;  түрлі жанрдағы телевизиялық жобаларды құру ерекшеліктері; жұмыс процесін басқару тәжірибесі. Қатысушы бұған дейінгі жобалары қамтылған портфолиосын ұсынуы қажет.

Өзге ақпарат: кез-келген креативті идеялар қабылданады. Жоба мүмкіндігінше демеушінің қатысуымен болғаны жөн. Эфирлік уақытты телеарна өз жауапкершілігіне алады.

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55-33-32 телефон нөмірі арқылы немесе rtrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы білуге болады.

Хабарламаларға жазылу