9 қаңтарға арналған күнтізбе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 қаңтарға арналған күнтізбе

09.01.2017
9 қаңтарға арналған күнтізбе

9 қаңтар, дүйсенбі, 2016 жыл

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

57 жыл бұрын (1960) Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы  «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді.

25 жыл бұрын (1992) Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Иман» газеті жарық көрді.

10 жыл бұрын (2007) әлемге танымал марафоншы қарағандылық Павел Сиротин «Бейбітшілік елшісі» атағын алды.

 

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1946) экономика ғылымдарының кандидаты МАҚАШЕВ Нұрпейіс Мақашұлы дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1950) «Қазақфильм» киностудиясының  продюсері, көркем фильмдердің директоры, «Медетфильм» студиясының директоры МЕРЕКЕНОВ Тасболат  дүниеге келді.

167 жыл бұрын (1850-1902) орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бір МУШКЕТОВ Иван Васильевич дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1929-1990) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ИЗИМОВ Изиз дүниеге келді.

127 жыл бұрын (1890-1938) чех жазушысы және драматургы Карел ЧАПЕК дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу