«Айлық алмағанымызға алты айдан асты». Бұл арнамызға базынасын айтып келген құрылыс компаниясы жұмысшыларының уәжі. Елордадағы 17-мектеп лицейін кеңейту үшін 550 орындық жапсарлас нысанның құрылысы 2014 жылы басталып, тиісті қомақты қаражаты төленіп қойған болатын. Ал, кірпіш қалап, балшық илейтін қарапайым жұмысшылар болса, айлықтарын ала алмай әлі сандалып жүр.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ