17 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

17.12.2016
17 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

17 желтоқсан, сенбі, 2016 жыл

Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

1991 жылы желтоқсанның 12-інде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

97 жыл бұрын (1919) Орынбор қаласында «Ұшқын» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Ол қазір «Егемен Қазақстан» деп аталады.

86 жыл бұрын (1930) Алматы облысының солтүстік-шығысында Ақсу ауданы құрылды. Ауданның аумағы 13,6 шаршы шақырымды құрайды. 

гшдгсива

5 жыл бұрын (2011) Түркияда ТҮРКІСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымы қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай жиын өткізді.  

 

ЕСІМДЕР

126 жыл бұрын (1890-1979) актер, режиссер, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Башқұрт АКСР-нің еңбек сіңірген әртісі МУРАТОВ  (Малинский) Яков Яковлевич дүниеге келді. 

121 жыл бұрын (1894-1938) отандық тіл білімі көшбасшыларының бірі, ғалым-педагог, әдіскер, әдебиетші, сыншы, тарихшы, аудармашы, қоғам қайраткері   Телжан  ШОНАНҰЛЫ дүниеге келді.

93 жыл бұрын (1923-1990) жазушы   Өтебай ҚАНАХИН дүниеге келді. 

шлдгншд

91 жыл бұрын (1925-2010) қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Жиһаз және ағашөңдеу кәсіпорындары қауымдастығының құрметті президенті  Молдан ӘЛДЕРБАЕВ дүниеге келді. 

62 жыл бұрын (1954) педагогика ғылымдарының докторы, математика профессоры, Жоғары мектеп ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті  Қайрат Хайроллаұлы ЗАКИРЬЯНОВ дүниеге келді.

кекнен

59 жыл  бұрын кеңестік, қазақ спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері (1957-2015)  Тимур Камалұлы ДОСЫМБЕТОВ дүниеге келді.

шгдг

246 жыл бұрын (1770-1827) ұлы неміс композиторы, пианист, дирижер  Людвиг Ван БЕТХОВЕН дүниеге келді.

орбрдлгш

Хабарламаларға жазылу