Бүгін - түркітанушы Әбдуәли Қайдардың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - түркітанушы Әбдуәли Қайдардың туған күні

13.12.2016
Бүгін -  түркітанушы Әбдуәли Қайдардың туған күні

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР  

74 жыл бұрын (1942) Павлодар тарихи-өлкетану мұражайы құрылды. Оның базасы - «Қазақстан зерделеу қоғамы» бөлімшесі.

44 жыл бұрын (1972) КСРО-да Ертіс-Арал теңізі арнасы құрылысының жобасы бекітілді. 

23 жыл бұрын (1993) Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу шешімін қабылдады.

12 жыл бұрын (2004) Астанада вокзал алаңында 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды.

11 жыл бұрын (2005) Астанада «Азия асқарлары» кітабының тұсаукесері болып өтті.

9 жыл бұрын (2007) Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясының академигі, халық жазушы Зейнолла Қабдолов (1927-2006) тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

7 жыл бұрын (2009) Таразда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін теннис корттары ашылды. 

 

ЕСІМДЕР

247 жыл бұрын (1769-1844) орыс жазушысы, ақын, мысалшы, Санкт-Петербор Ғылым Академиясының академигі  Иван Андреевич КРЫЛОВ дүниеге келді.

200 жыл бұрын (1816-1892) танымал неміс инженері, Siemens фирмасының негізін қалаушы Вернер фон СИМЕНС дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924) түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Әбдуәли Туғанбайұлы ҚАЙДАР дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1935) жазушы, қазақ фольклорын зерттеуші, Шыңжаң және Қытай фольклор сыйлықтарының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Оразанбай ЕГЕУБАЕВ дүниеге келді.

47 жыл бұрын (1969-2007) кеңестік, қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, әндердің авторы Мұрат Исмаилұлы НАСЫРОВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу