«МузАРТ LIVE» жобасының тағы бір тартысты сайысы мәресіне жетті. Бұл жолы Ерасыл Жолдас пен Бексұлтан Кеңішқалиев жобаны осы арадан тоқтатты.
Ендігі кезекте сегіз қырлы, бір сырлы 8 өнерпаз өзара тартысқа түседі.
Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда «МузАРТ LIVE» жобасының соңғы сыны.
Келесі жексенбі сағат 22:00-де Ұлттық арна қосулы болсын!