Мен барша Қазақстан таяу аралықта электромобильмен жүргенін қалаймын. Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің елімізде машина жасау алғаш рет дами бастады. Мен таяу аралықта барша Қазақстан электромобильмен жүргенін армандаймын. Олардың бағасы қолжетімді болады», - деді Назарбаев.
Қазақстан Президенті мұндай көліктерді әсіресе, ауасы ластанған Алматы мен Өскемен сынды қалалардың тұрғындары мінгені дұрыс болатындығын баса айтты.
«Егер толықтай электромобильге ауыстырар болсақ, онда біздің ауамыз тазарып, бірнеше есе үнем жасайтын едік. Біз осыған жақындап келеміз. Толықтай алғанда, индустриаландыру жылдары ішінде шамамен 5 трлн. теңгенің мыңнан астам жобасы іске қосылды. Шамамен 100 мың тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді Елбасы.
inform.kz