Үкімет «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруды бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруды бастайды

06.12.2016
Үкімет «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруды бастайды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының «2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» Үкімет қаулысы қабылданды.

Құжатта 2017 жылдағы республикалық бюджет көрсеткіштері, «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасын Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасына трансформациялау аясындағы шаралардың жүзеге асырылуы көрініс тапты. Ерекше маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған басымдыққа ие республикалық бюджет инвестицияларының тізімі бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы трансферттері мен резервтері реттелген. 

Бюджет бағдарламаларының жекелей әкімшілеріне мақсатты ағымдағы трансферттерді пайдалану және оны реттеу тәртібін жасау туралы тапсырма берілді.

Құжатта көрсетілгендей, жобаларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы «2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы» Заңында көрсетілген қаржыдан бөлек шығындарды қажет етпейді.

Еске сала кетейік, осының алдында Мемлекет басшысы «2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу