Бүгінде бизнесті ашуға жасалған қолайлы жағдайды пайдалану керек - ҚР Президенті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінде бизнесті ашуға жасалған қолайлы жағдайды пайдалану керек - ҚР Президенті

01.12.2016
Бүгінде бизнесті ашуға жасалған қолайлы жағдайды пайдалану керек - ҚР Президенті

Қазіргі кезде бизнесті ашуға қолайлы жағдай жасалып отыр. Бүгін Тәуелсіздік сарайында Республикалық жастар форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде Қазақстанда бизнесті ашып, дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасалып тұрған кезеңдеміз. Индустриалды бағдарламаны жүзеге асыру аясында жаңа жобалар ашылуда, осы орайда 6-сы күні оның қорытындысын жасаймыз. Бірінші бесжылдықта мыңнан астам кәсіпорын ашылды. Келесі бесжылдықта тағы да 300-400 кәсіпорын іске қосылады.

Осы қазіргі заманғы қуатты кәсіпорындар айналасында бұл компанияларды сервиспен қамтамасыз етуі тиіс шағын кәсіпорындар құрылуда. Сонымен қатар жекешелендіру жүріп жатыр, яғни бұл жекешелендірудің мүмкіндігін пайдаланып, жұмысты бастау керек. Компаниялардың активтерін бәсекелестік ортаға беру жоспары тұрғысындағы жұмыстармен барша аудандардың әкімдері айналысып, осы үдерістің қатысушысы болуға жастарға көмектесуі тиіс", - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент ел тұрғындарын түрлі бағдарламалар аясында жеке іскерлікті ашу бойынша ұсынылып отырған мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға шақырды.  

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу