«Қазақстан» РТРК» АҚ  ұйымдастырған «Жыл таңдауы - 2016» конкурсына 145 жұмыс ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ  ұйымдастырған «Жыл таңдауы - 2016» конкурсына 145 жұмыс ұсынылды

29.11.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ  ұйымдастырған «Жыл таңдауы - 2016» конкурсына 145 жұмыс ұсынылды

«Қазақстан» РТРК» АҚ  ұйымдастыруымен Корпорация журналистері арасында «Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсы жарияланған болатын. Жұмыстар 2016 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданды.  Комиссия мүшелері оларды іріктеу жұмысына кірісіп кетті.

Байқау мақсаты - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру, журналистердің кәсіби шеберлігін көтеру, сондай-ақ, оларға моральдық және  материалдық қолдау көрсету.

Байқауға 2016 жылдың 1 қаңтарынан 20 қарашасына дейін эфирге шағарылған жұмыстар қабылданды. 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан сайысқа биыл 145 өтінім тапсырылды.

Оның ішінде: «Үздік сюжет» номинациясына – 50 жұмыс; «Ток шоу» номинациясына – 23 жұмыс, «Үздік қоғамдық-саяси бағдарлама» номинациясына – 21 жұмыс, «Радиодағы үздік бағдарлама» номинациясына – 39 жұмыс, «Әлеуметтік желідегі үздік» номинациясына – 7 жұмыс, «Үздік дизайнерлік жұмыс» номинациясына – 5 жұмыс түсті.  

Жүлде жұмыс тобына беріледі.  

«Үздік сюжет» номинациясының жұмыс тобы – редактор, режиссер, оператор, видеоинженер және дыбыс режиссері.

 І орынға – 75 000 теңге;

 ІІ орынға – 50 000 теңге; 

ІІІ орынға – 40 000 теңге. 

«Үздік қоғамдық-саяси бағдарлама» номинациясының жұмыс тобы – редактор, режиссер, оператор, бейнеинженер және дыбыс режиссері.

 І орынға - 100 000 теңге;

ІІ орынға - 75 000 теңге;

ІІІ орынға - 50 000 теңге.

«Ток шоу» номинациясының жұмыс тобы – продюсер, редактор, режиссер, қоюшы-оператор, бейнеинженер және дыбыс режиссері.

І орынға - 100 000 теңге;

ІІ орынға - 75 000 теңге;

ІІІ орынға - 50 000 теңге.

«Үздік радио бағдарлама» номинациясының жұмыс тобы – редактор немесе жүргізуші, дыбыс режиссері  немесе саунд-дизайнер.

І орынға - 50 000 теңге;

 ІІ орынға - 40 000 теңге;

 ІІІ орынға -  30 000 теңге.

«Үздік интернет сайт» номинациясының жұмыс тобы –  контент-менеджер мен  веб-дизайнерлер.

 І орынға - 50 000 теңге;

ІІ орынға - 40 000 теңге;

ІІІ орынға - 30 000 теңге.

«Әлеуметтік желідегі үздік» номинациясына әлеуметтік желіде тіркелген корпорацияның қызметкерлері қатысады.

І орынға - 50 000 теңге;

 ІІ орынға - 40 000 теңге;

 ІІІ орынға - 30 000 теңге.

«Үздік дизайнерлік жұмыс» номинациясына корпорацияның дизайнерлері қатысады. 

 І орынға - 50 000 теңге;

 ІІ орынға - 40 000 теңге;

 ІІІ орынға - 30 000 теңге.

«Жыл таңдауы» жеңімпаздары Тәуелсіздік күні қарсаңында анықталады.

Хабарламаларға жазылу