Елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынады

21.11.2016
Елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынады

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп мешітке келетін қауым арасындағы жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуда белсенді жұмыс жүргізуде.

Әрбір бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес беріп, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары туралы ақпараттандырады.

Атап өтерлігі, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл басынан бері 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, әйелдерді және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер бар.

astana.kz

 

Хабарламаларға жазылу