18 қараша - Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы ауруына қарсы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 қараша - Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы ауруына қарсы күні

18.11.2016
18 қараша - Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы ауруына қарсы күні

18 қараша, жұма, 2016 жыл

Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы ауруына қарсы күні

Дүниежүзіндегі осы аурумен ауыратын адамдарға мәлімет беру керек және де жасалатын көмектің көлемін кеңейту мақсатымен өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күрес Жаһандық бастамамен ұйымдастырылған Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні жыл сайын атап өтілетін оқиға болып табылады. ДДҰ өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына дүниежүзілік қоғамның назарын аударатын осы бастаманы қолдайды. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы бүкіл әлемде адам өліміне әкелетін маңызы бойынша төртінші себеп болып табылады.


Географиялық ақпараттық жүйелер күні    

Жыл сайын қызметі географиялық ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және қолдауға байланысты бірқатар ірі америкалық компаниялар мен ұйымдарының бастамасы бойынша атап өтіледі. мереке әдетте сәрсенбіде қарашаның үшінші аптасында атап өтіледі. Алғаш рет 1999 жылы ресми мерекеленді.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1999) Астана қаласы көшелерінің біріне жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді.

17 жыл бұрын (1999) Қарағанды облысының Ульянов елді мекенінде Бұқар жырау Қалқаманұлына ескерткіш орнатылды.

 

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1945) әнші, Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Қазақ Ұлттық өнері университетінің оқытушысы Қорлан Ықсанқызы ҚАЛИЛАМБЕКОВА дүниеге келді.

робрб

67 жыл бұрын (1949) ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Сақаұлы ТЕБЕГЕНОВ дүниеге келді.

шжщ

53 жыл бұрын (1963) палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Болатұлы ТҰРЛЫХАНОВ дүниеге келді.

дж№дж

52 жыл бұрын (1964) спорт шебері, шабуылшы Тілеухан ТҰРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

229 жыл бұрын (1786-1826) неміс композиторы, неміс романтикалық операсының негізін қалаушы Карл Мария фон ВЕБЕР дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу