Сирияда және ғаламшардың өзге де «ыстық нүктелері» бойынша ымыра табылатындығына сенімдімін - Нұрсұлтан Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда және ғаламшардың өзге де «ыстық нүктелері» бойынша ымыра табылатындығына сенімдімін - Нұрсұлтан Назарбаев

14.11.2016
Сирияда және ғаламшардың өзге де «ыстық нүктелері» бойынша ымыра табылатындығына сенімдімін - Нұрсұлтан Назарбаев

Сирияда және ғаламшардың өзге де «ыстық нүктелері» бойынша ымыра табылатындығына сенімдімін.

Бұл туралы бүгін «Астана» клубының екінші отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Сирияда және ғаламшардың өзге де «ыстық нүктелері» бойынша ымыра табылатындығына сенімдімін. Бұл әлемдегі конструктивті өзгерістерге деген сенімге иландыра түседі. Барлық өткір халықаралық проблемалар бойынша бітімгершілік сұхбаттың табысты болатындығына сену қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мемлекетаралық қарама-қайшылықтардың болғандығын және әр уақытта да бола беретіндігін, бірақ, ғылым дәлелдегендей, жұлдыздардың соқтығысынан жаңа әлем дүниеге келетіндігін баса айтты.

«Қазіргі дау-дамайдан адамзат жаңа, барынша әділ әрі тұрақты әлемдік тәртіп қауіпсіздігіне ие болатындығына сенімдімін. Өтіп жатқан және жаһандық оқиғалардың мәні тарихи меженің ауысуына байланысты. Әлем дамуының бір кезеңі аяқталып, келесісі басталады.  Бірақ, барша ғаламшардың болашағы үшін барынша қиын, түбегейлі болмай қалмайтын, мейлінше жауапты әрі тағдыршешті болмақ», - деді Назарбаев.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу