Қазақтар өз тарихында еш уақытта қазіргідей өмір сүрген емес - Нұрсұлтан Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтар өз тарихында еш уақытта қазіргідей өмір сүрген емес - Нұрсұлтан Назарбаев

14.11.2016
Қазақтар өз тарихында еш уақытта қазіргідей өмір сүрген емес - Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы бүгін «Астана» клубының екінші отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазақстандықтардың 40 пайызы кедейшілік шегінен де төмен өмір сүрген кезден бастадық. 1994 жылы жылдық инфляция 3100 пайыз болды. Барлық кәсіпорындар тоқтап қалған, 2 миллион жұмыссыз. Жан басына шаққандағы  ЖІӨ 600 долларды құрады. Міне, біз осыдан бастаған едік.

Біріншіден, алғашқы 7-8 жылда біз тек тірі қалу, мемлекет ретінде сақталып үшін күрестік. Қазақстан мемлекет болмайтындығын бәрі айтты. Іште бейберекетсіздік болады деді. Біз мұның орын алмайтындығын дәлелдеуге тырыстық. Енді ғана көтеріліп келе жатқанымызда 1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысына ұрындық, өсіп келе жатқан экономика күйреді. Мұны бастан кешіріп, өсім 9-11 пайыз болды.

Егер, 2014 жылға дейін есептейтін болсақ, осы уақыттың ішінде кедейшілік 3 пайызға дейін төмендеді. Үш пайыздық кедейшілік барлық жерде бар, Құрама Штаттарда  одан да жоғары.  Жан басына шаққандағы экономика 13 мың долларға жетті. Біз, қазақстандықтар ауқаттылығы орташадан жоғарыға айналдық. Халықтың табысы 20 есе өсті, экономика - 21 есе.

Мен жария түрде қазақтар өз тарихында еш уақытта қазіргідей өмір сүрмегендігін мәлімдей аламын», - деді Назарбаев.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу