10 қараша - Халықаралық есепшілер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 қараша - Халықаралық есепшілер күні

10.11.2016
10 қараша - Халықаралық есепшілер күні

10 қараша, бейсенбі, 2016 жыл

Бүгін - Халықаралық ғылым бейбітшілік пен даму үшін күні 

Ол 2001 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітіліп, 2002 жылдан бері аталып өтіліп келеді. 

Бүгін - Жастардың дүниежүзілік күні

1945 жылы БҰҰ бекіткен. Бұл күні Дүниежүзілік жастар федерациясы құрылды.

жд

Бүгін - Мұстафа Кемал Ататүрікті (1881-1938) еске алу күні.

жэ

Бүгін - Халықаралық есепшілер (бухгалтер) күні. 

лд№

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

25 жыл бұрын (1991) Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев республика халқына Ант берді. Анттан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Президент өз қызметіне кірісті деп есептелінді.

9 жыл бұрын (2007) Алматының «Алтын бесік» ықшамауданының бір көшесіне Әнет баба есімі берілді.

131 жыл бұрын  (1885) әлемдегі алғашқы мотоцикл жүргізілді. Неміс инженерлері Готлим Даймлер мен Вильгельм Майбах ағаш велосипедіне қозғалтқыш орнатты. 

 

ЕСІМДЕР

107 жыл бұрын (1909-1986) сәулетші, сәулет өнері ғылымдарының профессоры, КСРО Құрылыс және сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген архитекторы Малбағар МЕҢДІҚҰЛОВ дүниеге келді.

оплб

106 жыл бұрын (1910-1971) қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген шахтері Файзолла СЕРҒАЗИН дүниеге келді.

орьроь

88 жыл бұрын (1928-1983) жазушы Нұтфолла ШӘКЕНОВ дүниеге келді.

ол

Хабарламаларға жазылу