Динара Болатбекқызы – жоғары лауазымға ие болған арулар қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Болатбекқызы – жоғары лауазымға ие болған арулар қатарында

09.11.2016
Динара Болатбекқызы – жоғары лауазымға ие болған арулар қатарында

Елімізде жоғары лауазымға ие болған сұлу қыз-келіншектер кім? Nur.kz сайты жас та болса, бас болып жүрген арулар тізімін жариялады.

Олардың қатарында Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл  Асылова,  «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының орынбасары Дана Жүнісова, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әсем Нүсіпова, Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі Динара Болатбекқызы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Жанар Бектаева, Астана қалалық жастар мәслихатының депутаты Анна Алябьева бар.

Лауазымды қызметте жүрген әйелдер қатарындағы Динара Болатбекқызы біраз уақыт бұрын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында тілші болып қызмет етті. Телеарнадағы  «Өзекжарды» хабарын жүргізді.

Кейін журналистикадан спорт менеджментіне бірден ауысқан маман аз уақыт ішінде танылып үлгерді. Лондонда телерадиожурналистика саласы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Шет тілінде емін-еркін сөйлейтін ару өз тілін де қатты құрмет тұтады. Динара бокс федерациясы өткізген ірі халықаралық жарыстарда өзінің сауаттылығымен және жоғары мәдениетімен көзге түскен болатын.

Хабарламаларға жазылу