Жобада топпен ән айту кезеңін алғаш болып бастаған төрттік - Қосқанат Көпжасарұлы, Райымбек Сатыбалды, Мансұр Есқали және Асқар Шәмекеев «Меломен» тобының «Арман шағала» (Ұ.Жолдасов/Д.Қалмырзаев) әнін орындады.
Қазылар алқасы Қосқанат Көпжасарұлы мен Райымбек Сатыбалдының өнеріне жоғары баға беріп, топта қалдырды.
Ал, Мансұр Есқали мен Асқар Шәмекеев жобаны осы кезеңнен аяқтады.