Австрияда еуропалық оркестр қазақ музыкасын орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда еуропалық оркестр қазақ музыкасын орындады

28.10.2016
Австрияда еуропалық оркестр қазақ музыкасын орындады

26 қазан күні Австрияның Брегенц қаласында швейцариялық Young Eurasian Soloists (YES) камералық оркестрінің концерті өтті, деп хабарлайды Еуразиялық мәдениет қоры. Концерт «Қазақстан жауһарлары» жобасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарламада Құрманғазы, Т.Қажығалиев, Е,Қанапиянов, А.Серкебаев, Н.Тілендиевтің шығармалары орындалды. Кешті австриялықтар аса жылы қабылдады. Шараны Қазақстанның Австриядағы елшісі Қайрат Сарыбай ашты.

лжю

Бұған дейін Tengrinews.kz сайты Young Eurasian Soloists оркестріне музыка әлемінде  танылған жастар кіргендігін хабарлаған. Ұжым құрамында  Швейцария, Италия, Германия, Франция, Венгрия, Польша, Латвия сынды еуропалық елдермен қатар, Ресей, Жапония мемлекеттерінен де  өкілдер бар.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі - қазақстандық танымал  скрипкашы, Г.Венявский және Д.Ойстрах халықаралық байқаулардың лауреаты, Тарлан премиясының лауреаты  Шернияз Мұсахан. 

ол

2015 жылы Young Eurasian Soloists камералық оркестрінің құрылуы музыка әлемінде ерекше жаңалық болды. Бүгінде аталмыш ұжымды Еуропа елдеріндегі түрлі фестивальдер мен жобаларға жиі шақырады. Оркестр 2015 жылдың қазан айында Цюрих және Берн қалаларында концерт берсе, 2016 жылдың тамыз айында «Sion Fest» еуропалық фестиваліне қатысты. Жалпы, YES оркестрінің аталмыш мәдени форумға шақырту алуының өзі Еуропаның музыкалық ортасында мойындалғанын білдіреді.

Өз кезегінде Монако ханшайымы Каролина Мюрат YES оркестрін 2017 жылдың қаңтар айында Гштад (Швейцария) қаласында өтетін жаңажылдың музыкалық фестивальге шақырды.

Хабарламаларға жазылу