Таразда 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

27.10.2016
Таразда 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің тарихына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Түркістан өлкесіндегі 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс тарихы (Сырдария және Жетісу облыстарының материалдары бойынша)» монографиясының тұсаукесері өтті.

Ғылыми еңбектің авторы – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметі.

Монографияда 1916 жылғы патшаның «Маусым» жарлығына қарсы Түркістан өлкесінде өткен жергілікті халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, дүнген, ұйғырлардың көтерілістері баяндалады.

юл

Ғылыми еңбектің негізі Түркістан өлкесіндегі, атап айтқанда, Сырдария мен Жетісу облыстарындағы жергілікті тұрғындардың 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске шығуының әлеуметтік-экономикалық, саяси-рухани себептері мен алғышарттарын, көтерілістің басталуы мен барысы мұрағаттық құжаттар мен тарихи деректердегі мәліметтерге сүйене отырып жазылған.

Сондай-ақ, патшалық әкімшілік тарапынан көтерілісті қатыгездікпен басып-жаншуын, жеңіліс тапқан халықтың босқыншылыққа ұшырап, көршілес жатқан Қытай жеріне ауа көшуі, қос империяның қыспағына түскен босқындарды тарихи Отанына қайтарудағы қазақ зиялыларының еңбектері туралы да ақпарат берілген.

Кітап студенттер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тарихқа қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.

Хабарламаларға жазылу