Елімізде сыртқы сауда айналымы 30 пайызға кеміді

07.07.2016
Елімізде сыртқы сауда айналымы 30 пайызға кеміді

Әлемде болып жатқан жағдайлар Қазақстанның шетелмен тауар айналымына әсер етуде. Нақтырақ айтсақ, Батыс экономикасының тұралауы, Ресейдегі экономикалық қиындықтар, шикізат нарығындағы жаһандық жағдай импорт пен экспорттың қысқаруына әкеліп соққан.

Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында елдің халықаралық сауда көлемі 18 миллиард  234 миллион 300 мың долларды құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 30 пайызға аз. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен де сауда саттық 1,4 есе қысқарып, 3 миллиард 624 миллион долларға дейін кеміді.

Оңғарбек АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу