«Балапан» телеарнасы бәсекеге қабілетті үш тілді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «АВС+» бағдарламасының жаңа маусымын көрермендерге ұсынбақ. Жаңа шығарылымдағы басты жаңалық - балаларға ана тілі мен ағылшын тілін тереңдете оқытады, сондай-ақ, орыс тілін жетік меңгеруге шақырады.
Бағдарламаны Әзімхан Ахмет жүргізіп, сондай-ақ, «Сөздік» мультипликациялық кейіпкері өткізеді. «ABC+» арқылы бала ойнау, ойлау арқылы жаңа әдістемемен ағылшын тілін жылдам меңгереді.