Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысы өтті. Жоба жыл сайын «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде Астана, Алматы қалалары және облыстардың мектеп оқушылары арасында өткізіліп келеді.
Жарысқа «Балапан» телеарнасының құрамасы, Семейден келген «Апамның ыстық бауырсақтары», қарағандылық «5.8» құрамасы, Ақтөбеден «Прогресс», Астанадан «Отырар», ШҚО-дан «Шығыс ұландары», СҚО-дан «Дарын стайл», тағы бір елордалық команда «Батырлар», Жамбыл облысынан «Өнерлі көшпенділер», Алматыдан «Тәтті», Атыраудан «Тема», Алматыдан «Бойжетпегендер», «Павлодар мектеп құрамасы», алматылық «Жұлдызай жұлдыздары», Ақтөбеден «Осал емес», Маңғыстау облысынан «Горький мектеп гимназиясының құрамасы», Шымкенттен «Азия International», Алматы облысынан «Қарапайым құрама», қостанайлық «Көшіп келгендер», Атыраудан «36» командасы бақ сынады.
Сайыстың мақсаты — жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.