62 жастағы испаниялық әйел үшінші баласын өмірге әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

62 жастағы испаниялық әйел үшінші баласын өмірге әкелді

20.10.2016
62 жастағы испаниялық әйел үшінші баласын өмірге әкелді

Испаниялық 62 жастағы Лина Альварес есімді әйел үшінші баласын дүниеге әкелді. Луго қаласының тұрғыны өз жасындағы әйелдердің де ана бақытын сезіне алатындығын көрсеткісі келген.

Сәбидің денсаулығы жақсы. Салмағы 2,4 келілік баланы дәрігерлер іштен жарып алған.

Л.Альварестің бұған дейін екі баласы болған. Үлкені – 27 жаста, кішісі – 10-да. Тұңғышы туылғанда бас жарақатын алғандықтан қазір үнемі өзгелердің күтімін қажет етеді.

tervis.postimees.ee.

Хабарламаларға жазылу