Бақытжан Сағынтаев пен Карен Карапетян сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев пен Карен Карапетян сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

14.10.2016
Бақытжан Сағынтаев пен Карен Карапетян сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу аясында Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік жүк қатынасы, инвестициялар, туризм және 2017 жылы Қазақстан-Армения бизнес форумын өткізу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаев пен К. Карапетян ЕАЭО аясында алдағы өзара іс-қимылды қарады.

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ереванға барды. 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу