Нұрсұлтан Назарбаев  Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев  Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

11.10.2016
Нұрсұлтан Назарбаев  Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, жоғары деңгейде өткен келіссөздер аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады.

Екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстанның бертіндегі үкіметаралық байланыстарының оң нәтижелерін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар түрлі бағыттарындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығы айтылды.

Бұдан бөлек, Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу