9 қазанда «Бүгін жексенбі» бағдарламасы түрлі қызық ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 қазанда «Бүгін жексенбі» бағдарламасы түрлі қызық ұсынады

07.10.2016
9 қазанда «Бүгін жексенбі» бағдарламасы түрлі қызық ұсынады

9 қазанда «Бүгін жексенбі» бағдарламасында айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров, «Қазақ қыздары» тобының әншілері  Анжелика Бақытқалиева, Салтанат Серкебаева, Нәбира Рақымжан және продюсер Ғанибет Мұхтаров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дизайнер Ханум Айдаш қонақта болады.

Астанадағы такси қызметінің қандай түрлерін білесіз? Күні бойына арналған такси, әуежайдан күтіп алатын, шығарып салатын такси дегенді естіп пе едіңіз? «Трезвый» такси деген қандай қызмет? Бұл қызмет түрлерін Ақниет Балтанова зерттеп көреді.

Голландияда есек сүтінен ірімшік дайындалады. Бұл елдегі ең қымбат ірімшік екен. Голландықтар есектің 1 литр сүтін біздің нарықпен есептегенде, 16 000 теңгеден алып отырған көрінеді. Бұған не дейсіз? Толқын Орманбектің сюжетін өткізіп алмаңыз.

Қазақстанда жақын арада электр қуатымен жүріп, сағатына 300 шақырым жылдамдықты бағындыратын көлік жасалатын болды. Бұл туралы толығырақ Аманбек Мағзұмхан айтып береді.

Осы және өзге де қызықтарды 9 қазан сағат 09:00-де «Бүгін жексенбі» бағдарламасынан тамашалай аласыздар!

Хабарламаларға жазылу