«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: EXPO көрмесіне қонақтардың көпшілігі Ресей мен Қытайдан келеді - Ахметжан Есімов (ФОТО,ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: EXPO көрмесіне қонақтардың көпшілігі Ресей мен Қытайдан келеді - Ахметжан Есімов (ФОТО,ВИДЕО)

04.10.2016
«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: EXPO көрмесіне қонақтардың көпшілігі Ресей мен Қытайдан келеді -  Ахметжан Есімов (ФОТО,ВИДЕО)

Ресейліктер EXPO көрмесіне келетін туристерге логистикалық жағдайды жақсартып,  транспорттың барлық түрін қарастыруда.

Бұл туралы бүгін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы мен ресейлік губернаторлардың өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы кезінде белгілі болды.

есімов1

Қазір елімізбен шекаралас Ресей аймақтарында туристер үшін барыс-келіс жақсарған. Мәселен, Астрахань арқылы Батыс Қазақстан облысына қатынау мәселесі шешілуде. Дәл осындай қолайлы маршруттар Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өзге де облыстарында болады.

Ұлттық компания төрағасы Ахметжан Есімов EXPO көрмесіне дайындықтың қызу екенін айтып, келетін қонақтардың басым көпшілігі Ресей, Қытай мен Орталық Азиядан күтіліп отырғанын жеткізді.

есімов2

 

есімов3

 

есімов4

 

Осы және өзге де айтулы оқиғалар туралы толығырақ 17:30-да «KazNews» жаңалықтарынан көріңіздер.

 

 

Хабарламаларға жазылу