«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қайта ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қайта ұйымдастырылады

29.09.2016
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қайта ұйымдастырылады

ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына және ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес теміржол саласының нысаналы моделін қалыптастыру және тиісінше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобын қызметтің инфрақұрылымдық және тасымал түрлерін ажырату арқылы қайта ұйымдастыру көзделген.

Қазіргі таңда «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ бөліп шығару арқылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қайта ұйымдастыруды көздейтін Үкімет қаулысының жобасы дайындалды, жақын арада ол мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолданатын болады. 

Осылайша, нысаналы моделі негізінде ұлттық және жеке тасымалдаушылар үшін магистралдық теміржол желісіне қолжетімділікті тең негізде қамтамасыз ететін «ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ тұлғасы ретінде ұлттық инфрақұрылым операторын құру көзделген.       

«ҚТЖ - Инфрақұрылым» АҚ бөліп шығару баға конъюктурасының екпінді өзгерістеріне сәйкес тез өзгере және бейімделе алатын, сондай-ақ, теміржол көлігі саласындағы қызметті тұтынушылардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап бере алатын аса икемді теміржол инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте  магистралдық теміржол желісінің қызметтері реттелетін салаға жатқызылады, онда жүк және жолаушы тасымалдаушыларға ұсынылатын магистралдық теміржол желісі және жергілікті теміржол инфрақұрылымының көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді мемлекет реттейтін болады.

Хабарламаларға жазылу