Дәурен Абаев: Қазақ радиосы заман көшінен қалмай, өз аудиториясын кеңейте түсуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев: Қазақ радиосы заман көшінен қалмай, өз аудиториясын кеңейте түсуде

28.09.2016
Дәурен Абаев: Қазақ радиосы заман көшінен қалмай, өз аудиториясын кеңейте түсуде

Қазақ радиосының 95 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатқан IV Халықаралық «Ұлы Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концертінде сөйлеген құттықтау сөзінде министр осылай деді.

«Халықтың атына ие болған радио ғасырға жуық уақыт бойы шын мағынасында елдің үні бола білді. Бүгінгі күні де көштен қалмай, өз аудиториясын кеңейте түсуде.

Қазіргі таңда ел аумағын 89 пайыз қамтумен бірге, Қазақстанннан сырт жерлерге, Ресей мен Қытайға, Өзбекстан мен Қырғызстанға тарауы - осының нақты дәлелі. Радио арна қай заманда да өзінің басты бағыты - ұлттық құндылықтарды ұлықтау, ана тіліміздің мәртебесін арттыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу ұстанымынан айныған емес.

Радионың «Алтын қорындағы» жалпы ұзақтығы 20 мың сағатқа жуық үнтаспалар сандық форматқа көшіріліп жатыр. Осының барлығы - барша ұжымның еңбегі. Қазақ радиосының ардагерлері мен ұжымын, тыңдармандарын бүгінгі мерейтойларымен құттықтай отырып, баршаңызға Тәуелсіздігімізді нығайту жолында қажымас қайрат, жемісті еңбек тілеймін», - деді сала басшысы.

Хабарламаларға жазылу