Талғат Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды

28.09.2016
Талғат Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды

«Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Біздің анықтама:

Талғат Маратұлы 1976 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Бас тергеу комитетінің Қарағандыдағы жоғары мектебін тәмамдаған. 

1997-2005 жылдары - Қарағанды облысы ІІББ тергеушісі, аға тергеуші, бөлім басшысының орынбасары, басқарма басшысының орынбасары.

2005-2009 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы. 

2009-2012 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеу департаменті басшысының орынбасары, қылмысты ашу департаментінің басшысы.

2012-2013 жылдары - Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (Қаржы полициясы) басшысының орынбасары, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысының бірінші орынбасары.

2013-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.

2014-2016 жылдары - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеу департаментінің жетекшісі.

2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың Ұлттық бюросы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

«Құрмет» ордені, «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медельдарымен, Қаржы полициясының медальдарымен марапатталған. 

 

Хабарламаларға жазылу