Мал сатпақ болған ағайындыларды өлтірген қылмыскерлер тұтқындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.
Отырыста Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министр Қалмұханбет Қасымовқа халық алаңдаушылығын тудырған оқиғаға қатысты мәлімет беруін сұрады.
Өз кезегінде министр 20 қыркүйек күні Алматыға мал сатамыз деп барған 3 азаматтың жоғалып кетуіне байланысты Ішкі істер органдарына арыз түскенін, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
«Олар 2 көлікпен 41 мал басты Алматы облысына сату үшін барған. Біз 21 қыркүйек күні бірінші көлікті және 23-і күні екінші көлікті таптық. Бұдан әрі жергілікті тұрғындардың аталған көліктердің жүргізушілеріне көмек бергенін анықтадық. Осы тұлғалардың көмегімен біз қылмыскерлерді - Жамбыл ауданының екі тұрғынын анықтадық.
Қазіргі уақытта қылмыскерлер ұсталды. Олар өз еріктерімен мүрделердің көмілген жерін көрсетуге ниет білдіріп, зардап шеккендердің мәйіттері көмілген жерге бардық. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Бүгін аталған ауылдарда жерлеу рәсімдері өтеді. Алматы облыстық ІІД тергеу амалдарын жүргізуде. Қысқа мерзім ішінде тергеу аяқтап, сотқа жолдаймыз. Біз бұл істі өз бақылауымызға аламыз», - деді Қ.Қасымов.
Осы ретте Б.Сағынтаев министрге тергеу барысын жеке бақылауға алуды тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыспен күрес - маңызды міндет. Мұны Үкіметтің жеке отырысында қараймыз», - деп атап өтті Премьер-Министр.
inform.kz