БАҚ-қа шолу. «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері журналистер байқауында марапатталды   - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ-қа шолу. «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері журналистер байқауында марапатталды  

26.09.2016
БАҚ-қа шолу. «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері журналистер байқауында марапатталды  

Алматыда қалалық Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен журналистер арасында байқау өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы шаһарының 1000 жылдығына орай өткен байқау қорытындысына сәйкес «Үздік сюжет» аталымы бойынша «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Мирас Мұқаш, «Үздік радиосюжет» аталымы бойынша «Шалқар» радиосының редактор-жүргізушісі Нұрмат Мансұр марапатталды. 

Осыған байланысты «Алматы ақшамы» газетінің 24 қыркүйекте шыққан №110-111 санында «Үздік журналистер марапатталды» атты  материал жарық көрді. Ал, аталмыш шара туралы «Вечерний Алматы» басылымы (№113-114 (13113-13114), 24.09.2016 ж.) «В Национальной библиотеке РК подвели итоги городского конкурса среди журналистов» тақырыбымен мақала  жариялады.

Вечерний Алматы

  «Қазақстан» телеарнасының 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастағанына биыл - 5 жыл. Осыған орай және  Ұлттық арнадағы жаңа маусым туралы  республикалық  «Егемен Қазақстан» (№183 (28911), 24.09.2016 ж.) газетінде журналист Қарашаш Тоқсанбайдың  «Бесінші белес» атты материалы жарық көрді.

бақ

1-ші қазаннан бастап  «Қазақстан» және «Балапан» телеарналары эфирінен «Балапан жұлдыз» атты жаңа жоба шығады. Бүгін Алматыда жаңа бағдарламаның тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Н.Ж.Мұхамеджанова, жобаның бас продюсері Аружан Саин және қазылар алқасының мүшелері Айгүл Үлкенбаева, Сәуле Рахметова, Мұрат Мұтырғановтың қатысуымен өткен шара барысы туралы egemen.kz сайтында «Балапан жұлдыз» – өнерлі балақайлар жарысы» тақырыбымен ақпарат жарияланды. 

бақ

 

Хабарламаларға жазылу