«Қазақстан» РТРК» АҚ отандық медиакомпаниялар қызметкерлеріне арналған семинар өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ отандық медиакомпаниялар қызметкерлеріне арналған семинар өткізеді

24.09.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ отандық медиакомпаниялар қызметкерлеріне арналған семинар өткізеді

26-30-шы қыркүйек аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапалы сериалдық контент дайындау» тақырыбы бойынша арнайы тәжірибелік семинар өтеді. 

Аталған жобаға (КПРБИ) продюсерлік және режиссура шеберлігі бойынша Корей білім беру институтының мамандары қатысады.

Шараға  «Қазақстан», «Астана», «31 арна», «7 арна» телеарналарының қызметкерлері шақырылған. Оқыту бағдарламасы аясында қызметкерлер продюсерлік ерекшеліктер мен қазіргі кино өндірісі, телеөнім және ноу-хау бағдарламалар жасау бойынша тәжірибелерімен алмасатын болады. Сондай-ақ, телевизия нарығында контентті ілгерілетудің қыр-сырымен бөліседі.

Айта кетсек, «Қазақстан» РТРК» АҚ корейлік әріптестерімен бірнеше жылдан бері ынтымақтастық байланыста. Отандық телевизия тарихында алғаш рет 2003 жылы эфирге сапалы корей контентін енгізгені белгілі.

Бүгінгі таңда Корпорация  шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, медиакеңістікте отандық контентті ілгерілету мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Аталмыш семинар осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ.

Продюсерлік және режиссура шеберлігі бойынша Корей білім беру институты (KDPE) – Корея еліндегі өндіріс пен дистрибюцияны нығайту үшін құрылған жалғыз кәсіби институт.  Білім беру мекемесі бизнес-тренерлер мен кәсіби мамандардан құралған.

Хабарламаларға жазылу