Қазақстан украиналық АЭС үшін отын өндіруді жоспарлауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан украиналық АЭС үшін отын өндіруді жоспарлауда

21.09.2016
Қазақстан украиналық АЭС үшін отын өндіруді жоспарлауда

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен украиналық реактлорларға арнап ядролық отын өндіру мәселелерін талқылады.

Қазақстандық тарап украиналық әріптестеріне уран өндіру және оны өңдеуге арнап отандық Жоғары технологиялар институты әзірлеген мобильді кешендерді пайдалануды ұсынды.

Ықшам және күрделі құрылыс салуды қажет етпейтін бұл кешендердің артықшылығы әсіресе, уран қоры шағын учаскелердегі жұмыстар үшін аса маңызды.

 «Біз инжинирингті жеткізуден бастап толық аяқталған мобильді кешендерді табыстауға дейінгі кез келген қызмет түрін көрсетуге дайынбыз», - деді А. Жұмағалиев.

Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстанға ион алмастырушы шайырлар жеткізу, украиналық АЭС-ларының қажетін қанағаттандыру үшін жылу бөлгіш құрамалар шығару және т.б. мәселелер көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар айтылғандардың барлығын бірлескен жұмыс тобы аясында егжей-тегжей қарап шығуға келісті.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу