«Егемен Қазақстан» газеті журналистік мақалаларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

 «Егемен Қазақстан» газеті журналистік мақалаларға байқау жариялайды

20.09.2016
 «Егемен Қазақстан» газеті журналистік мақалаларға байқау жариялайды

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік: тұлға, тағылым, тағдыр» тақырыбында журналистік мақалаларға байқау жариялайды.

Байқау ережесі:

Әр қатысушы ұсынған жұмысында ширек ғасыр ішінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асқан нақты жобалар жемісі, осы жылдар ішіндегі өзгерістердің аймақтарға, ауылдарға, ұжымға, жеке тұлғаға тигізген әсерін ашып көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, Тәуелсіздік тұсында қолға алынған өндірістік мәдени, рухани, әлеуметтік ірі жобалар жайлы сөз қозғап, фотосуреттер беруі қажет.

Байқау жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар төмендегі мөлшерде ақшалай жүлдеге ие болады:

1-ші орын - 300 000 (үш жүз мың) теңге;

2-ші орын - 200 000 (екі жүз мың) теңге;

3-ші орын екі адамға беріледі (әрқайсысына 100 000 теңгеден).

Жұмыстар 2016 жылғы 15-ші қарашаға дейін қабылданады.

Байқау шарттары туралы толығырақ egemen.kz

Хабарламаларға жазылу