ОҚО-да жыл басынан бері 53 000 бала дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да жыл басынан бері 53 000 бала дүниеге келді

20.09.2016
ОҚО-да жыл басынан бері 53 000 бала дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 53 051 нәресте дүние есігін ашты. Бұл ақпаратты облыстық Денсау­лық сақтау департаментінің басшысы Сейітжамал Пакеев жария етті.

Республикада дүниеге келген сәбилердің әрбір бесіншісі оңтүстіктің еншісінде. Соңғы мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 2 860 000-нан аса адам тұрады. Бұл жөнінен өңір республика бойынша 1-інші орында. Халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымға 22,36 адам. Бұл жөнінен де облыс 1-інші орында.

«Егемен Қазақстан»

Хабарламаларға жазылу