Ұлттық музей ашылғалы бері 27 мыңнан астам шетелдік келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музей ашылғалы бері 27 мыңнан астам шетелдік келген

19.09.2016
Ұлттық музей ашылғалы бері 27 мыңнан астам шетелдік келген

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай саланы жетілдіру мақсатында еліміздегі музей қызметін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

Ұлттық музей директорының айтуынша, музей жас ұрпақты тәрбиелейтін орынға айналып келеді. Сондай-ақ, мәдени ошақтардың келушілерге қызмет көрсету форматы өзгеруде.

«Біз қазіргі таңда шетелдік әріптестерімізбен байланыс орнатудамыз. Елбасының «Ұлттық музейді әлемдік музейге айналдыру керек», деген тапсырмасы бар. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әлемнің жетекші елдерінің музейлерімен келісім шартқа отырдық. Ол елдердің қатарында Корея, Қытай, Ресей, Франция, Италия, Вьетнам елдерінің музейлері бар»,-деген директор мәдени нысан ашылғалы бері 4 мыңнан астам адам ақылы түрде кіргенін атап өтті.

Сондай-ақ, бүгінге дейін Ұлттық музейге 27 мыңнан астам шетелдік келген. Д.Мыңбай шетелдіктер келген кезде оларға сәйкесінше қызмет көрсететін үш тілде баяндап беретін  аудиогидтердің бар екенін хабарлады.

Айта кетейік, Ұлттық музейде облыстық музейлердің көрмелері ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты акция аясында Ұлттық музей  жәдігерлерін облыстық музей көрмелері арқылы тұрғындарға ұсынуды бастады.

«Егемен Қазақстан»

Хабарламаларға жазылу