30 қыркүйекте Астанада «Городские уголки» мобильді қосымшасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 қыркүйекте Астанада «Городские уголки» мобильді қосымшасы іске қосылады

16.09.2016
30 қыркүйекте Астанада «Городские уголки» мобильді қосымшасы іске қосылады

Бүгін елордада «Городские уголки: зеленая энергия в Астане» тегін мобильді қосымшасының тұсаукесеріне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Қазақстан Гете-Институтының директоры Барбара Фрайфрау фон Мюнхгаузен, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының (РЭЦЦА) директоры Генри Вайс, «Городские уголки» жобасының жетекшісі Ирина Хеч, Неміс жастар клубының жетекшісі Анастасия Риммер және Астана қаласының өкілдері қатысты.

щъ\

«ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан Гете-Институты мен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Астана жастарына арнап, ерекше жоба жасап шығарды.

бгд

4 тілде (қазақ, орыс, неміс, ағылшын) жасалған қосымшаны App Store арқылы 30 қыркүйектен бастап көшіруге мүмкіндік бар. Қосымшаны құрастырушылардың пікірінше, елорданың экологиялық және энергия үнемдегіш пункттерін негізге алған ойын 16 мен 25 жас аралығындағы жастардың қоршаған ортаны қорғау мен энергия көздерін қалпына келтіру тақырыбына деген қызығушылығын тудыруы мүмкін.

онг

Ойынның концепті - Local Based Game. Бұл - ойыншылар Астананың түрлі станцияларында белгілі бір тапсырманы орындауы керек болады, дегенді білдіреді.  Станциялар екі критерий бойынша таңдалған. Бірінші – маңызды жерлер. Яғни, елорданың мәдениеті мен тұрғындардың күнделікті тірлігінде ерекше орын алатын жерлер. Екіншісі – «Энергияның жаңа және ескі формалары» тақырыбына қатысты маңызға ие орындар.

нглнгл

Жоба Астана әкімдігі, «Астана Конвенш Бюро» ЖШС, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Veloсity.kz» ҚҚ,  «Astana LRT» ЖШС мен өзге де қазақстандық және шетелдік ұйымдармен бірге жүзеге асырылуда.

Хабарламаларға жазылу