ТМД елдері көшбасшыларының мерейтойлық кездесуі Бішкекте өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдері көшбасшыларының мерейтойлық кездесуі Бішкекте өтеді

16.09.2016
ТМД елдері көшбасшыларының мерейтойлық кездесуі Бішкекте өтеді

Бүгін ТМД мемлекет басшылары Қырғызстан астанасында мерейтойлық кездесу өткізеді. Кездесу «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтеді.   

Шара 15:00-де басталады. Фотоға түсу рәсімінен кейін қатысушылар шағын құрамда жабық отырысқа барады. Мемлекет басшыларының отырысынан кейін оларға делегация құрамы қосылады.

Күн тәртібінде тікелей мемлекет басшылары талқылайтын 15 мәселе қойылған. Оның ішінде ТМД 25 жылдығына орай бірлесіп қабылдайтын жалпы мәлімдеме, ТМД-ның келесі төрағалығы және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу орны туралы шешім қабылдау, ТМД-ның жаңа сын-қатерлерге бейімделуі туралы мәселелер бар. Кездесуде қауіпсіздік мәселелеріне аса назар аударылып отыр.

Сондай-ақ,  бірқатар халықаралық келісімшарттарға қол қою және ТМД басшыларының халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша бірлесіп күш салуы, 2017-2019 жылдарға арналған терроризмге қарсы күрес және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылық көріністерімен күресте ТМД елдерінің ынтымақтастығы, 2016-2020 жылдарға арналған ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жасалған қылмыстармен күресте ынтымақтастық бағдарламасы туралы ТМД мәлімдемесін қабылдау жоспарлануда. 

Кең форматтағы отырыста ТМД мемлекеттерінде 2020  жылы халық санағын жүргізу, 2017 жылды - Отбасы жылы, 2018 жылды - ТМД-дағы Мәдениет жылы деп жариялау туралы екі мәселе талқыланады.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу