Көкшетауда әлеуметтік дүкен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда әлеуметтік дүкен ашылды

13.09.2016
Көкшетауда әлеуметтік дүкен ашылды

Көкшетауда мешіт жанынан әлеуметтік дүкен ашылды.  Бұл дүкен жағдайы төмен отбасылар өкілдеріне қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Бұл туралы Науан Хазрет атындағы Көкшетау қалалық мешітінің бас имамы  Қанат Қыдырмин айтты. 

Дүкеннен азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды сатып алуға болады.  Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың тізіміне сәйкес 60 адамға қызмет көрсетіп отыр. 

«Қасиетті Құрбан айт қабыл болсын! Қасиетті мерекеде  біршама іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.  Бестөбе ауылы мен Қорғалжын ауданында ат спортынан жарыс өткізбек ойымыз бар.  Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәттілер мен сыйлықтар үлестіреміз. Барлығы мерекені сезінуі қажет. Осы мейрам әрбір отбасына бақыт және шаттық әкелсін» - деді Қанат Қыдырмин. 

Айта кетейік, сауда орталығы мешіт қоры мен демеушілердің есебінен жұмыс істейді. 

Хабарламаларға жазылу