Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сұхбат» алаңына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова сұхбат  береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сұхбат» алаңына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова сұхбат  береді

07.09.2016
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сұхбат» алаңына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова сұхбат  береді

Ол туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен өткен Корпорацияның кеңейтілген алқа мәжілісінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова мәлім етті. 

Оның сөзінше, бұған дейін телеарнаға қойылған министрліктің және  жоғары басшылықтың тапсырмасына сәйкес бүгіннен, яғни 7 қыркүйектен бастап  «Сұхбат» алаңына министрлер келіп, тікелей эфирде қарапайым халықтың телефон және интернет арқылы жолдаған сауалдарына жауап береді.  

«Бүгін сағат 20:20-да еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен тікелей форматтағы сұхбатты ұсынамыз және бұл бастама апта сайын өзге министрлермен жалғасын табады»,-деді Н.Мұхамеджанова. 

Хабарламаларға жазылу