Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

04.09.2016
Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

Мемлекет басшысы G20 саммиті аясында Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланысты нығайту перспективалары қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар еліміз бен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығын атап өтіп, қарым-қатынастың одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу