Қызылордалықтар Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығын кең көлемде атап өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығын кең көлемде атап өтпек

26.08.2016
Қызылордалықтар Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығын кең көлемде атап өтпек

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Сыр өңірі жұртшылығы диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығын кең көлемде атап өтпек. Бұл ел азаматтарын адал еңбек пен Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра түсетін, бірлік пен ынтымаққа шақыратын айтулы оқиға болмақ. Қазір дүбірлі тойға дайындық үлкен қарқынмен жүргізіліп жатыр. Осы орайда Шиелі кенті мен Ы.Жақаев өмір сүріп, еңбек еткен бұрынғы Қызылту ауылы қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайының жаңа ғимараты сол ауылдан бұрынғы орнына қайта тұрғызылмақ.

Бүгінде Шиелі аудан орталығындағы Мұстафа Шоқай алаңы қайта жаңғыртылуда. Бұдабай атындағы Мәдениет үйі 43 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізілуде.

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және атақты диқан атамыз Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығының мерейлі мерекесі аудан жұртшылығына ерекше серпіліс берді. Аталмыш тойды лайықты табыстармен қарсы алу барысында елді мекен тұрғындары ұйымшылдық танытып отыр. Бұл халықтың ортақ іске деген белсенділігін және алдағы күндерге деген үлкен сенімін білдіреді, дейді Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов.

 

Дереккөз: еgemen.kz

Хабарламаларға жазылу