Қазақстанның Монополияға қарсы комитеті ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Монополияға қарсы комитеті ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды

27.07.2016
Қазақстанның Монополияға қарсы комитеті ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды

Қазақстанның монополияға қарсы комитеті Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды. Дауыс беру 2016 жылғы 17 маусымда өтті. Қазақстанның бәсекелестері соңғы кезеңде Хорватия және Филиппин. Қазақстан Орталық Азияда Бәсекелестік жөніндегі ЭЫДҰ комитетінің мүшесі болған алғашқы ел,-деп хабарлады Pm.kz веб-сайты.

Қазақстанның ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитетіне кіруі озық тәжірибені иелену және үздік бәсекелестік практикаларын енгізу, әлемнің аса дамыған елдерімен интеграцияны күшейту мүмкіндігін ашады. ЭЫДҰ қолда бар орасан зор зерттеу және талдау материалдарына шексіз қол жеткізу ықтимал қателіктерді болдырмауға және монополияға қарсы реттеу жүйесін реформалау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бәсекелестік жөніндегі комитет қатысушысы мәртебесі – бұл монополияға қарсы органның жоспарлы жұмысының нәтижесі. Монополияға қарсы комитет Бәсекелестік жөніндегі комитеттің барлық талаптары мен ұсынымдарын таңдап алды.

Естеріңізге салсақ, тұтастай алғанда ұйымға 35 мемлекет кіреді, олардың көбі – ЕО мүшелері: Германия, Швеция, Швейцария, сондай-ақ АҚШ, Жапония, Австралия. ЭЫДҰ мүше мемлекеттердің әлемдік  ІЖӨ үлесі 60% жуық. Бәсекелестік жөніндегі комитетке 35 толыққанды мүше және қосымша 15 қатысушы мемлекет кіреді.

Хабарламаларға жазылу