Тимур Бекмамбетов Головкин жайлы деректі фильм түсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Бекмамбетов Головкин жайлы деректі фильм түсіреді

03.06.2016
Тимур Бекмамбетов Головкин жайлы деректі фильм түсіреді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсірілетінін мәлімдеді. Туындыны белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов түсіреді.

«Кеше ғана Тимур Бекмамбетовпен кездестім. Біз Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсіруді талқылап, жоспарладық. Геннадий - өте мықты жігіт, ұлы чемпион, Қазақстанның мақтанышы» - деді министр «Время» газетіне берген сұхбатында деп жазады massaget.kz.

Айта кетейік, ақпан айында британдық «Superb Films Corporation» компаниясы да қазақстандық боксшы туралы фильм түсіруді жоспарлап отырғандары туралы хабарлаған болатын.

Хабарламаларға жазылу