Сенсация қуған кейбір БАҚ-тар терроризмге көмектесіп отыр - Амаль Абдалла Аль-Кубейси - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенсация қуған кейбір БАҚ-тар терроризмге көмектесіп отыр - Амаль Абдалла Аль-Кубейси

31.05.2016
Сенсация қуған кейбір БАҚ-тар терроризмге көмектесіп отыр - Амаль Абдалла Аль-Кубейси

Білім терроризмге қарсы күресте қуатты құрал болатын еді.  Бүгін Астанада «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференция барысында сөз сөйлеген Біріккен Араб Әмірліктері Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы доктор Амаль Абдалла Аль-Кубейси осылай мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, терроризммен күресте кедейлік пен білімсіздіктің алдын алу үлкен рөл атқарады. «Террористік ұйым негізінен кедейлік шегі шарықтаған өңірлерде белең алады. Білімсіздікке келетін болсақ, бұның да қатерді арттырудағы рөлі зор. Әрине, білім тек мектепте ғана емес, үйде де, далада да, телеарналарда да, интернетте де беріліп жатыр. Дегенмен, ол қандай білім? Әлеуметтік желілер арқылы таралатын білім де бұған өз үлесін қосуда. Осыған қатысты біз дінді ағартушылық арқылы түсіндіретін кең ауқымды білім кешеніне кірісуге тиіспіз», - деді АмальАбдалла.

Оның айтуынша, терроризмге қарсы білім жүйесін дамыту үлкен жігерді, ортақ шаралар кешенін қажет етеді. «Экстремистердің дауысы саналы, білімді діниелерінің дауысынан да қатты шығуына жол бермеуге тиіспіз. Бұл ретте Таяу Шығыстағы терроризмнің исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын ерекше атағым келеді. Ислам ашық өмір сүруге шақырып, бейбітшілік пен сыйластықты, адамзат, діндер арасындағы өзара құрметті дәріптейді. Ислам - махаббат пен сүйіспеншілік діні. «Ұстамды ислам» немесе «радикалды ислам» деген ұғым жоқ. Бір ғана ислам бар, ол әлемдегі ең кешірімді, ең көркем ислам», деді мәртебелі мейман.

Бұдан бөлек,  Амаль Абдалла кейбір бұқаралық ақпарат құралдары әдейі істемесе де терроризмге көмектесіп жатқанын атап өтті. «Кейбір БАҚ сенсация қуып, ақпаратты дұрыс ашып көрсетпеуі арқылы теріс әсерге ұрынып отыр. Осыны да ойлануға тиіспіз», - деді ол. 

Хабарламаларға жазылу