Үндістанда оқ-дәрі қоймасындағы өрт салдарынан 17 сарбаз қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда оқ-дәрі қоймасындағы өрт салдарынан 17 сарбаз қаза тапты

31.05.2016
Үндістанда оқ-дәрі қоймасындағы өрт салдарынан 17 сарбаз қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Махараштра штатындағы  оқ-дәрілер қоймасында болған өрт салдарынан кем дегенде 17 сарбаз қаза тапты, деп хабарлады жергілікті билікке сілтемемен Би-би-си. Өрт сөндірушілер жалынмен күресіп жатыр. Оның неден пайда болғаны әзірге белгісіз болуда.

Өрттің соңы бірнеше жарылысқа ұласып, көршілес кенттердің мыңға жуық тұрғыны қауіпсіз жерге кетуге мәжбүр болды.

Соңғы жылдары Үндістанда оқ-дәрілер қоймаларында өрт оқиғалары жиі орын алып жатыр. 2010 жылы елдің шығысындағы ірі қоймалардың бірінде болған өрт бірнеше жарылысқа әкеліп соқтырған, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

2007 жылы Анантнаг ауданындағы бірнеше кенттің тұрғындары қоймадағы жарылыстан кейін қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт салдарынан 25 адам зардап шекті.

2000 жылы елдің солтүстігіндегі Бхаратпурдағы оқ-дәрілер қоймасында болған өрт екі адамның өліміне әкеліп соқтырды. Одан келтірілген шығын 90 млн. долларға жуық соманы құраған. 

Хабарламаларға жазылу