Орталық Азия елдерінің министрлері орман ресурстарын қорғау бойынша іс-шараларды күшейтуге шақырады - ҚР АШМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдерінің министрлері орман ресурстарын қорғау бойынша іс-шараларды күшейтуге шақырады - ҚР АШМ

31.05.2016
Орталық Азия елдерінің министрлері орман ресурстарын қорғау бойынша іс-шараларды күшейтуге шақырады - ҚР АШМ

Астана қаласында 30-31 мамыр аралығында орман саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша Орталық Азия елдерінің бірінші министрлер конференциясы өтеді, деп хабарлайды www.primeminister.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Конференцияға ҚХР, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанның орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік органдарының басшылары қатысады. 

Конференция барысында орман шаруашылығы саласындағы трансшекаралық және өңірлік ынтымақтастықты дамыту, бірлескен бағдарлама мен жобаны және ғылыми зерттеулерді іске асыру мәселелері талқыланады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу