Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев Мәскеудің төртінші халықаралық әуежайы - Жуковскийді ашты. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасай отырып lenta.ru хабарлады.
Қырғызстанның «Air Kyrgyzstan» компаниясы жаңа әуе айлағынан тұрақты рейстер орындай бастайтын бірінші әуе компаниялардың бірі болмақ. Әуежайдан алғашқы ұшу 20 маусымға белгіленген.
Жуковскийдің инвесторы және операторы «Распорт Аэро» фирмасының бас директоры қырғызстандық компаниядан басқа қазақстандық SCAT, Sky Gates Airlines және ресейлік «Авиастар-ТУ» әуе компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.